WEBVTT

00:01.835 --> 00:07.156
Испан тұмауы: жаппай екпе салудың
салдарынан жаппай өлім-жітім бе?

00:07.156 --> 00:17.698
Коронавирустың туғызатын ықтимал қауіп-қатерді айқындау
үшін БАҚ үнемі 1918 жылғы «Испан тұмауына» сілтеме жасайды.

00:17.698 --> 00:25.081
Дереккөздерге қарай, бұл 20-дан 100 миллионға
дейін адамның өліміне жауапты деп айтылады.

00:25.081 --> 00:32.569
«Испан тұмауы» деп аталатын індет бүкіл әлемде барлық уақыттағы
ең ірі эпидемия болып саналады және вирус қайтадан миллиондаған

00:32.569 --> 00:36.595
адамның өмірін жалмауы мүмкін екенінің дәлелі болып табылады.

00:36.595 --> 00:43.112
Ал тарихи дереккөздер не дейді? Олар тұмау вирусының
шынымен де миллиондаған адамның өліміне жауапты болғанын

00:43.112 --> 00:47.020
дәлелдей ме? Міне, осы мәселеге қатысты бірнеше дерек:

00:47.020 --> 00:53.744
«Испан тұмауы» термині ауыр тұмау эпидемиясы туралы
алғашқы хабарламалар Испаниядан келгеніне байланысты.

00:53.744 --> 00:58.701
1918 жылдың ақпанында басталған аурудың
алғашқы толқынынан кейін 1918 жылдың тамызында

00:58.701 --> 01:02.159
екінші және әлдеқайда ауыр толқын басталды.

01:02.159 --> 01:08.899
Түсініксіз себептермен бұл негізінен жас, сау ересектерге
және ең алдымен әртүрлі елдердің әскерилеріне әсер етті –

01:08.899 --> 01:13.163
бұрынғыдай әлсіздерге, аурушаңдарға және қарттарға емес.

01:13.163 --> 01:16.749
Симптомдар да бір-бірінен қатты ерекшеленді.

01:16.749 --> 01:23.416
Медициналық журналист Ханс Толзиннің айтуынша,
испан тұмауы қауіпті патогеннен туындады деген

01:23.416 --> 01:27.744
теория расталмады, себебі ол жұқпалы болмаған!

01:27.744 --> 01:33.965
Бостонда және Сан-Францискода қылмыскер теңізшілер мен түрме
тұтқындарын ауыр сырқат адамдардың бөлінділерімен жұқтыруға

01:33.965 --> 01:39.111
жасалған әрекеттер сәтсіз аяқталды. Олардың ешқайсысы ауырмады.

01:39.111 --> 01:43.431
Географиялық шығу тегі мен бағыты да
мүлдем белгісіз және қалыптан тыс болды.

01:43.431 --> 01:48.570
Осыған сәйкес, тұмау бірнеше құрлықта
дерлік бір мезгілде жаппай таралуы тиіс еді.

01:48.570 --> 01:55.398
Екінші жағынан, «Испан тұмауы» Бірінші дүниежүзілік соғыстан
кейінгі жеткіліксіздік, аштық пен нашар гигиена салдары ғана

01:55.398 --> 02:00.053
емес, сонымен бірге жаппай екпе салудың да нәтижесі болуы мүмкін.

02:00.053 --> 02:07.660
Олар кең көлемде, әсіресе әскери қызметшілер
арасында, шешек, тиф және тұмауға қарсы жүргізілді.

02:07.660 --> 02:14.389
«Испан тұмауы» деп аталған жаппай өлім-жітім кезінде Christian
Science Monitor және Элеанора Макбин сияқты бірнеше

02:14.389 --> 02:22.077
беделді қазіргі заман куәгерлері тәуелсіз түрде тек екпе
алған адамдардың ғана «Испан тұмауына» шалдыққанын хабарлады.

02:22.077 --> 02:29.474
Сенімсіз вакциналардың тудырған қорқынышты жанама
әсерлері «Испан тұмауы» атымен жасырылып, ақталынды.

02:29.474 --> 02:35.073
Қорытынды: Тіпті бүгін де «Испан тұмауына»
сілтемелер қорқыныш пен үрей тудыруға және

02:35.073 --> 02:38.885
халықты вакцинациялауға мәжбүрлеуге қолданылады.

02:38.885 --> 02:44.660
Алайда, бұл миллиондаған адамның өліміне
әкелетін және кез келген уақытта қайталануы мүмкін

02:44.660 --> 02:48.891
вирустар тудырған жаһандық пандемияның мысалы емес.

02:48.891 --> 02:55.395
Керісінше, сол кездегі жаппай екпелердің осы
өлімге әкелетін аурудың дамуында маңызды,

02:55.395 --> 02:59.756
тіпті шешуші рөл атқарғанына айқын дәлелдер бар.

02:59.756 --> 03:05.803
Сондықтан, қымбатты көрермендер: ақпаратты біліп жүргендер
мүддеге негізделген үрей тудыруға қарсы иммунитетке ие!

03:05.803 --> 03:11.090
Сондықтан осы маңызды тарихи мәліметтер
туралы өзіңізді және өзгелерді хабардар етіңіз.

03:11.090 --> 03:15.460
Тізімде көрсетілген дереккөздерде
жақсы зерттелген ақпаратты таба аласыз.
